Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері атанып, шілде айында екі тараптың келісімі арқылы лауазымын босатқан беларуссиялық білікті маман қаза тапты.

Ұзақ жылғы сырқаттан айықпаған Владимир Журавель 48 жасында өмірден озды. Беларуссиялық білікті маман өзінің еңбек жолында командасын алға сүйрегендігі белгілі.

Футболшы кезінде Минскілік «Динамо» командасымен алты рет чемпион болған спортшы өзінің мансап жолын бапкерлікпен жалғастырған болатын. Аталған кезеңнің өзінде жаттықтырған құрамасы бес рет ел премьер лигасында күміс алқаны иемденген.

Қайғылы оқиғаға байланысты «Шахтер» футбол клубы Владимир Журавельдің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

“The Qazaq Times”