Қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматыда қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау аясында көші-қонға бақылау күшейтілді. Өткен жылы Ішкі істер департаментінің қызметтерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесе отырып Алматы қаласының ІІД-нің көші-қон полициясының бөлімшелерімен шетел азаматтарының елімізге келуін бақылау бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру жүзеге асырылды деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметінен Гүлнар Жаманқұлова

«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 17 мың 469 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 мың шетелдік қабылдап-тарату мекемесіне тоғытылды, өзге мемлекеттер құзырындағы 2,5 мың азамат республика аумағынан аластатылды. 1 мың шетелдікке әкімшілік айыппұл салынып,  1 мың 723 шетел азаматы әкімшілік қамауға алынды. Қала аумағында еңбек ету үшін 42 мың еңбек мигранттары патент алды»,- деп хабарлады Алматы қаласының ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Белгібаев.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шетел азаматтарының елімізге келуін, болуын және кетуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Құқық тәртібі», «Мигрант», «Нелегал» және т.б. жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

«The Qazaq Times»