«Ювентус» форварды Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси он жылда алғаш рет «Алтын допсыз» қалмақ.

The Sun мәліметінше, қос футболшы аталған марапаттан үміткерлер үштігінен сырт қалған. Ал британиялық БАҚ-тың ақпаратынша, іріктеу әлі де жүргізіліп жатыр және нәтижелер өзгеруі мүмкін. Бұлай болудың бірден-бір себебі – Роналду мен Месси әлем чемпионатында айтарлықтай ойын көрсетпеген.

Франциялық журналист Эрик Мамуртаның пікірінше, «Алтын доп» марапатына басты үміткерлер қатарында ПСЖ мен Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе, «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич және Рафаэль Варан көш бастап тұр.

Айта кетейік, «Алтын доп» – жылдың ең үздік ойыншысына берілетін футболдағы аса үлкен сый. 2007 жылы аталған сыйлықты Кака иеленген. Ал содан кейінгі «Алтын доптың» барлығын Роналду мен Месси өзара бөліскен.

"The Qazaq Times"