Алматы облысына қарасты Архарлы тауындағы V ғасырға тән сақ жазуларын құрдымға жіберді. Бұл туралы Total.kz мәлімдеп отыр.

Осыдан бір жыл бұрын биліктің әміріне қарсы шыққан жандар Архарлы тауындағы жазуларды аман алып қалған болатын. Алайда, бірнеше күн бұрын таудың басқа бөлігіндегі құндылықтың құрдымға кеткендігі туралы анықталды.

2018 жылдың қараша айындағы экспедиция кезінде өңірдің солтүстік-батысындағы тастарға бейнеленген суреттердің құлап жатқандығына мамандар куә болған. Көптеген петроглифтер темір дәуірінен бастау алып, түркі дәуіріне дейін тиесілі екендігі ғалымдар тарапынан анықталса да, оның көзін құрту тез арада орын алуда. Тіпті, қола дәуіріне тиесілі тарихи жәдігерлердің бар екендігі де рас.

Кербұлақ ауданына қарасты Сәмен және Жоламен ауылдарында 100-1500-ге тарта ескі суреттердің бар болған. Сонымен қатар, сақ дәуірінің қорғандары табылған. Бүгінге дейінгі зерттеу нәтижесі бойынша, 19 орын анықталып отыр.

Тарихи орындардың бірі тас карьерінің маңында орналасқан. Сондықтан, таудың төменгі жағындағы суреттердің жойылып кеткендігін көптеген зерттеушілер растап отыр. Тек жоғарғы бөлігіндегі петроглифтер ғана жойылып кетуден дін аман. Алайда, мұның қаншалықты тұратындығын да нақты айтып жеткізу қиын.

Архарлының ауыр тарихының күні де сөніп барады. Сан ғасырлық мұраларды сақтай алмай отырмыз ба әлде, сақтағымыз келмей отыр ма? Ол әлі күнге дейін жұмбақ күйінде. Себебі, Қазақ даласындағы тарихқа бай орындардың бұл сүріліп отырған алғашқысы емес. Әрине, заманның ағымымен жүріп бара жатсақ та, бұрынғының мұрасына нұһсан келтіру тарихи құндылықты қадірлемеудің анық көрінісі екендігі белгілі.

"The Qazaq Times"