Құрама Штат президенті Дональд Трамп өткен жұмада жасаған мәлімдемесінде, АҚШ-Қытай арасында диалогтардың болып жатқанын, келісімнің кейбір мазмұндарына қол жеткізуге жақын қалғанын растады. Алайда, осыған дейін кейбір америкалық ақпарат құралдарының таратқан, АҚШ-Қытай арасында сауда келісім жасалып болғаны туралы хабарды жоққа шығарды.  

Трамп жұма күнгі сөзінде: «Қытай тарабы бұл келісімге қол жеткізсек деп үміттенеді. Себебі, біз осы шараларды бастағаннан бері Қытай экономикасының құлдырағанын олар білуі керек», – деген. Ол және: «Мен кеше Ши Жинпиң мырзамен телефонда сөйлестім. Олар келісімге қол жеткізуден көбірек үміттеніп отыр. Менше біз Қытаймен келісімге қол жеткіземіз. Бұл барлық адам үшін де әділ келісім болады деп ойлаймын. Бірақ, Құрама Штаттар үшін тіпті де жақсы келісім болмақ», – деді.

Бейсенбі күні Қытай басшысы Ши Жинпиң мен АҚШ президенті Трамп телефон арқылы сөйлесті және тараптар осы айдың соңындағы «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті кезінде кездесуге келіскен. Ал жұма күні түстен бұрын Bloomberg ақпараттық қызметі: «Трамп және оның үкіметі Қытаймен сауда келісіміне келіп үлгерді», – деген ақпарат таратты.  Алайда, осыдан кейін CNBC Трамп үкіметінің лауазымдыларына сілтеме жасай отырып, бұл мәліметті жоққа шығарған, әрі АҚШ-Қытай арасында ұзаққа жалғасатын келісімдер жүріп жатқанын айтқан.

Дүйсенбі күні, Bloomberg осы мәселе бойынша үш бірдей лауазымды қызметкердің мәліметіне сілтеме жасай отырып,  егер «Трамп-Ши кездесуінде» сауда соғысы бойынша ымыраға келмесе, Құрама Штат желтоқсаннан бастап барлық қытайлық тауарларға жоғары тариф енгізетінін хабарлаған болатын. Бұл жаңалық АҚШ қор нарғында дүмпу тудырған.

Жұма күні түскен кейін Ақ үйде өткен баспасөз жиналысында, Трамп «Үлкен жиырмалық» саммиті кезінде Қытай басшысымен кездесуге келіскенін растады. Әр бұл сөйлесулердің табысты болғанын, Қытай үкіметі АҚШ-пен келіссөзге келе алмаса өздерінің тарифтер соққысына тап болатынын түсініп отырғанын айтты. Трамп және қазіргі уақытта Қытайдан кіретін 250 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тауарларға 25 пайыздық тариф енгізудің нәтижесі жақсы болғанын, келісім болмай жатса Қытайдан кіретін тауарлардың барлығына тарифтер енгізілетінін айтады.

“The Qazaq Times”