Буэнос-Айресте бюджет жобасына қарсы наразылық акциясы өтті.

Жергілікті халық билік ұсынған әлеуметтік салаға қатысты мемлекеттік шығындарды қысқартуға бағытталған бюджет жобасын қатаң сынға алды. Аргентина Конгресі ғимаратының алдына жиналған мыңдаған адам «Әділдік үшін!», «Негізсіз шешім!» сынды плакаттармен билікке қарсы ұрандады. Акцияға қатысушыларды тоқтату үшін полицейлер көз жасаурататын газ бен су атқыш қолданып, бірнеше адамды тұтқынға алды.

Әзірше Аргентина билігі халық мүддесін ескеретін нақты қарар қабылдаған жоқ. Олардың айтуынша, аталған шара елдегі бюджет дефицитін қысқарту үшін тиімді. Болжам бойынша, биылғы инфляция 42% шамасында болуы мүмкін. Осыған дейін қаржы дағдарысы мен песоның құлдырауына байланысты Аргентинаның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 60%-ға көтерген.

"The Qazaq Times"