Ирактың Мосул қаласында жойқын жарылыс орын алды.

Мәліметтер бойынша, автокөлікке жарылғыш зат орнатылған. Жарылыстан соң жақын маңдағы «Наби Юнус» базарында өрт басталды. Салдарынан алты адам қаза тауып, қырықтан астам тұрғын зардап шекті. Қатарында екі полиция қызметкері бар. Әзірге бұл оқиғаға қатысты ешқандай террорлық ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

"The Qazaq Times"