Ресейден Сүрияға С-300 зениттік-зымырандары жеткізіліп жатыр. БҰҰ-дағы баспасөз мәслихатында Ресей СІМ Сергей Лавров осындай мәлімдеме жасады.

«Біз осы арқылы ресейлік әскерилердің қауіпсіздігін сақтай аламыз» – деді Лавров. Зениттік-зымыран кешендерін жіберу туралы жоспарды В.Путин құптаған. Бірақ АҚШ тарапы бұл шешімге қарсылық білдірді. Өткен аптада Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон «Ресейден Сүрияға зымыран жеткізу әлемдік жағдайларды одан сайын шиеленістіріп жібереді және бұл үлкен қателік» – деген болатын.

"The Qazaq Times"