Facebook мәліметтеріне хакерлік шабуыл жасалып, 50 миллионға жуық пайдаланушының сандық кодтарын ұрлаған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Шабуыл жасағандар қолданушылардың жеке мәліметтерімен қоса, Facebook-тің құпия кодтарын да қолды еткен. Салдарынан Facebook акциялары бір күннің ішінде 2,6%-ға төмендеді.

Айына 2,2 миллиардтан астам қолданушы тұтынатын әлемдік желінің бас атқарушы директоры Марк Цукерберг оқиғаны «шын мәнінде елеулі қиындық туғызатын жайт» деп сипаттады. «Конгресс әлеуметтік желілерді пайдаланушылар туралы ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін шараларды іс жүзінде қабылдауы керек», – дейді АҚШ-тың сенатор-демократы Марк Уорнер.

2017 жылдың шілдесінен бастап Facebook осалдық танытып келеді. Бірақ осы аптада орын алған шабуыл компания тарихындағы ең күрделі жайт.

"The Qazaq Times"