Біріккен Штаттар Сүрия Араб Республикасына экономикалық қатаң санкция салатынын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы АҚШ-тың Сүрия жөніндегі арнайы өкілі Джеймс Джеффери Рейтер агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr.

Арнайы өкіл АҚШ-тың Сүрияға салуды ойластырған санкциясының Иран үлгісінде жоспарланғанын да атап өтті. Оның сөзінше, егер Шам (Дамаск) билігі елдің жаңа конституциясымен жұмыс істемейтін болса, Уашингтон экономикалық қысымды күшейтеді. «Егер Сүрия режимі осылай істемейтін болса, онда біз 2015 жылға дейін Иранға қарсы қандай саясат ұстансақ, дәл солай әрекет етуге құқылымыз деп есептейміз. Біз бұны Еуропа одағы арқылы жасаймыз. Біз бұны біздің азиялық одақтастарымыз арқылы істейміз», - деген Д.Джеффери тіпті БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің өзі Біріккен Штаттарды осы ойынан қайтара алмайтынын айтты.

“The Qazaq Times”