2018 жылы Пхенчанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының билетін тура бір жыл бұрын, осы бейсінбі күні сатылымға шығарды. Бұл туралы ұйымдастырушы комитететтің сайтында хабарланған.

Әзірге билеттер тек Оңтүстік Корея халқы үшін ғана қолжетімді. Және шет елден келетін қолдаушылар өз елінің Ұлттық олимпиада комитетіне хабарласып алуға мүмкіндігі бар. Себебі, бұл билеттер кассалардан сатылып жатқан көрінеді.

Онлайн-сатылым  5 қыркүйектен басталады. Мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек ойындарына билеттердің құны ең аз дегенде 150 000 вон (42 546 тг) тұрады екен. Ал ашылу салтанатына кіру үшін кем дегенде 220 000 (62 400 тг) вонға билет алуың керек.

Пхенчандағы бұл олимпиадалық ойын 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында өтеді.

«The Qazaq Times»