Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) президент жарлығына сәйкес, 2017–2020 жылдарда «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеген.  Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады. 

ҰҚК ақпаратына сәйкес, соңғы төрт жылда Қазақстан азаматтарын террористік ұйым қатарына тартпақ болған шетелден келген 546 адам елге кіргізілмеген. 2013 жылдан бері теракті жасалмақ болған 27 әрекеттің алдын алынған.

Бағдарламаны әзірлеген авторлар жыл сайын "экстремизм идеясын бөлісетін" азаматтарды бес пайызға төмендетіп отыруды қарастырған. Сонымен бірге жобаға сәйкес, елде қоғамдық орындарда бейне камераларды көптеп орнату қарастырылған екен.

“The Qazaq Times”