Осы жылдың 4-5 қазанда Ұлан-Батыр қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді осы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақ және моңғол кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екі ел арасында іскерлік байланыс орнату іс-шараның басты мақсаты.

 Миссияның бағдарламасында: сауда-экономикалық форумға қатысу, Ұлан-Батырдың мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен іскерлік кездесу, Моңғолияның кәсіпкерлері мен ұйымдарының өкілдерімен іскерлік байланыс жоспарлануда.

Іс-шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Инвестициялар және даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігімен және Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырады.

“The Qazaq Times”