Қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 93-ші рет театр маусымын ашуға дайындалуда. 

Жаңа маусымды 2-ші қазан күні театрдың дәстүрі бойынша  Мұхтар Әуезовтің «Абай»  трагедиясымен ашады. Алғаш рет Асқар Тоқпанов сахналаған "Абай" трагедиясы театрда 1940 жылдан бері қойылып келеді.

Кезекті театр маусымында театр қоржынындағы қойылымдармен қатар бірқатар жаңа жобалар да іске асырылмақ. Әсіресе, қазақ өнерінің ірі тұлғаларының өмір тарихы, қазақ мәдениетінің, сахна өнерінің тарихы көбірек насихаттамақ.

“The Qazaq Times”