2016 жылда АҚШ экономикасы 0,4% құлдыраған. Бұл 502,3 млрд долларлық шығынды көрсетеді. Импорт 1,8 пайызға, экспорт 2,3 пайызға құлдырап, сауда тапшылығы 2012 жылдан бергі ең төменгі шекке түскен. Дегенмен, "сауда-саттықтың төмендеуіне қарамастан, желтоқсан айындағы АҚШ өнімдері шетел базарында сұраныста болды" деп отыр АҚШ Сауда департаменті. Бұл туралы қытайлық «Шинхуа» агенттігі ресми сайты хабарлайды.

АҚШ Сауда департаменті 7 ақпанда жариялаған статистикалық мәліметтерге жүгінсек, АҚШ-Мексика арасында сауда тапшылығы ұлғайған, Қытаймен арадағы сауда да осыған ұқсас көрсеткіште. Айлық, орташа сауда-саттық 3,2 пайызға дейін құлдыраған. Бұл 44,3 млрд долларға тең.

АҚШ Сауда департаменті бизнес ұшақтары мен өнеркәсіп өнімдерін сатудың көбеюіне байланысты, тек желтоқсан айында экспорт 2,7 пайызға өсіп, 190,7 млрд долларды құрағанын айтады. Бұл сауда-саттықтың айлық өсім мөлшерінің 2012 жылдың қыркүйек айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Соның ішінде , шикізат және автокөлік қосалқы бөлшектерін өндіріп-сату 235 млрд доллар кіріспен ең табысты сала болған.

“The Qazaq Times”