Қытайдың Нанкин қаласында  «тігінен орналасқан ормандар»  аталатын  жаңа көк тіреген ғимараттар тұрғызылмақ. Жоспар бойынша, аталмыш ғимарат бір тәулікте 25 тонна көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп алып, 60 киллограмм оттегі бөлуі керек.  Бұл туралы naked-science хабарлайды.

Стефано Боери ұсынған «Тігінен орналасқан ормандар» жобасы немесе басқаша айтқанда, экоғимараттар мүмкін емес нәрсе және ол тек қағаздағы концепция ретінде ғана қалады деп қабылданған. Алайда аталмыш концепция кеңінен танылып, кейіннен Италия мен Швейцарияда жасалынды. Соның жалғасы ретінде сәулетші  ендігі Қытайдың Нанкин қаласында көк тіреген «жасыл» ғимараттың жобасын жасап шығаруды жоспарлап отыр.

Фото: naked-science

Жаңа ғимарат Италия мен Швейцарияда жүзеге асқан жобаның концепциясы негізінде жасалынады. Онда биіктігі 108, 200 метр болатын  бірнеше мұнаралар болады. Сондай-ақ, көкпен таласқан биік ғимаратта кеңселер, қонақ үй, сауда орындары, мейрамханалар мен көрме залы болады. Жоғарыда аталған 200 метрлік мұнараның үстінде (шатырында) клуб, 108 метрлік мұнарасының шатырында бассейн орналастырылмақ.

Бұл жоба үшін жалпы көлемде 600 биік, 500 орташа ағаштар, баулы өсімдіктер мен бұталар керек болады. Проект жетекшілерінің мәлімдеуінше, бұндай жобаның арқасында қалаға бір тәулікте 25 тонна көмірқышқыл газы сіңіріліп, 60 килограмм оттегі таралады. Nanjing Yang Zi аталатын мемлекеттік инвестициялық топтың тапсырысымен жасалынып жатқан ғимараттың кұрылыс жұмыстары  2018  жылы аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, осындай жобалардың бірін бельгиялық сәулетші Винсент Каллебаут та ұсынған болатын. Оның концепцисы бойынша, «тігінен орналасқан ормандар» – қолжетімді энергия өндіретін таза ғимараттар  болып табылады.

«The Qazaq Times»