Еуроодақ Керчен көпірінің құрылысына қатысқан ресейлік алты компанияға санкция енгізді. Аталған шешімнің мәтіні Еуроодақтың ресми журналында жарияланды, - деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігінің француз қызметі.

Еуропа одағының шешіміне сәйкес, 31 маусымнан бастап еуропалық санкцияға екі бірдей ірі компания іліккен. Олар — ресейлік олигарх Аркадий Ротенбургке тиесілі ПАО Мостотрест (MOEX: MSTT)  пен ЖШҚ Құрылысгазмонтаж (ООО Стройгазмонтаж). Екі компанияда да бұдан бұрын америкалық санкциялар тізіміне енгізілген. ЕО-ның санкциялары енгізілген компаниялар арасында Санк-Петербургтегі Гипроқұрылыскөпір АҚ (АО Институт Гипростроймост), Кемеқұрылыс Зауыты (АО Судостроительный завод), Құрылысгазмонтаж Көпір ЖШҚ (ООО Стройгазмонтаж - Мост) және АО ВАД да бар.

Еске салайық, осы жылдың 15 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Керчен бұғазындағы көпірдің ашылу салтанатына қатысқан еді. Ресей басшысының осы шешімі АҚШ пен батыс елдерінің наразылығын тудырған еді. Осыған дейін Еуродақ өкілі "Қырымдағы Керчен көпірінің ашылуы Украинаның егемендігі мен аймақтық тұтастығын бұзу болып саналады" деп, Ресейге қарсы санкция салуы мүмкін екенн мәлімдеген еді. Енді, көпір үшін басы дауға қалған Ресей компанияларының қызметтері шектелуде.

“The Qazaq Times”