Дүниежүзілік 28-қысқы универсиада ойындарында бүгін шаңғышыларымыз  «күміс» жүлдеге ие болды.  Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Шаңғышылар Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова «3 те 5»  киломметрлік эстафетаны ресейлік командаға жол беріп, екінші болып аяқтады.

Универсиада-2017 ойындарындағы Қазақстандық «Үштік»  берілген қашықтықты 43:17.2 минутымен тәмамдады. Жеңімпаз топтан небәрі 52,1 секундқа ғана жеңіліп қалған. Ал бұл ойында үздік үштікке кірген тағы бір команда – Франция құрамасы (+1:46.1).

Бұл – Қазақстан үшін төртінші күміс. Сонымен ел қоржынында 10 алтын, 4 күміс және 10 қола жүлде бар.

«The Qazaq Times»