Қазақтың ұлы ақыны, шебер аудармашы, публицист, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына орай «Мағжан Жұмабаев мұрасы және әлемдік руханият» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірде ақынның мерейтойына орай 450 ден аса түрлі шара өткізіліп жатқандығын атап өтті, деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ол халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш –жастар деп өтті. Бүгінде елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, саналы жастар өсіп келеді. Мағжанның жолын жалғайтын, сенімін ақтайтын осылар. Сіздердің бүгінгі конференцияда жасаған баяндамаларыңыз, әкелген еңбектеріңіз оларға үлкен ой салады деп сенемін»,- деді Құмар Ақсақалов.

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Естелік және мерейтойлық мерекелер» сериясындағы марканы салтанатты таныстыру рәсімі жасалды. «Естелік және мерейтойлық мерекелер» пошта маркасы 4 түсті бояулы офсеттік басылыммен он маркадан тұратын парақ түрінде жасалған, перфорациясы айдарлы, таралымы 10 000 дана. 2018 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігімен Мағжан Жұмабевтың 125 жылдығына арналған пошталық марка айналымға енгізіледі.

Конференцияда марапаттау рәсімі де өтті. Ақын шығармашылығын насихаттауға қосқан елеулі еңбегі үшін аймақ басшысы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан Жұмабаев» төсбелгісімен қадірлі меймандар мен еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады.

Конференцияда Мағжан Жұмабаевқа арналған үш кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті.

"The Qazaq Times"