Қытайлық кинокомпания қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева мәлімдеді.

«Осы жылы «BJ Brothers» компаниясымен бірлесе жұмыс істейміз. Олар «Еуразия» кинофестиваліне қатысады. Сол кезде Димаш туралы фильмнің сценариін ақылдасамыз. Қытайлық компания қазақстандық әнші туралы кино түсіруді бұрыннан армандап жүр» - деді, Мұсаходжаева.

Әзірге фильм концепциясы, сюжеті мен жанры қандай болары белгісіз. Тараптар бұл мәселені ақылдасып шешпек.

Димаш Құдайберген биыл Қазақ ұлттық өнер университетін тәмамдап, диплом алады. Түлектер кешіне қатысып, Астанада шағын концерт қоюды жоспарлапты. Оны тамашалауға алыс-жақын елдерден әншінің жанкүйерлері де келмек.

“The Qazaq Times”