Талдықорғанда соңғы екі күнде 3 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген қауіппен ауруханаға жатқызылды. Оның бірі – 9 жастағы бала. Бұл туралы облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы мәлімдеді.

Анықталғаны – үш науқас та Ораза кезінде ауыз бекіткендер екен. Өткен аптада жұма намазына қатысып келген соң, денсаулықтары күрт нашарлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Медиктер оларға менинг жұқтырды деген диагноз қойыпты. Қазір науқастардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.

“The Qazaq Times”