Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр» - деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында елдегі менингитке қатысты жағдайға пікір білдірді. Онда ол: «Менингит инфекциясының таралуына жол берілмеуі тиіс. Профилді министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. Қазақстандықтардан дәрігерлердің айтқан кеңестерін тыңдауларын сұраймыз» - деген болатын.

Жалпы, биыл Республика бойынша менингококк инфекциясымен 58 адам ауырып, 12 адам қатерлі дерттен көз жұмған.

“The Qazaq Times”