Ғалымдар Ай мен Жердің шамамен қиылысу уақытын анықтады. Ол процесті біздің планетамыздың өз осінен айналуы бәсеңдегеннен кейін болады деп болжап отыр. Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

АҚШ-тағы Айдахо университетінің планетологы Джейсон Барнс Жер ғаламшары Аймен 65 миллиард жылдан кейін соқтығысуы мүмкін дегенді алға тартады. Алайда, бұл соқтығысу Жер-Ай байламын ол уақытқа дейін Күн жұтып қоймаса ғана жүзеге асады.

Сарапшылардың айтуынша, Ай мен Жердің соқтығысуына Жердің өз осінен айналуын тоқтатуы себеп болады. Оған байланысты әртүрлі болжамдар айтылды. Мәселен, жоғарыда Джейсонның 65 млрд жыл дегенін атап өтсек, кейбір сарапшылар оның ең кемі 50 миллиард жылда жүзеге асатындығын жеткізіп отыр.

Ол уақытқа қарай Айдың өз осінен айналуы 47 тәулікке тең болады. Салыстырмалы түрде келтіретін болсақ, Жердің өзіне өз осінен толық айналым жасауы үшін 27 тәулік қажет. Сонымен  қатар, қазіргі уақытта Айдың Жер бетінен жойылуы  шамамен жылына 4 сантиметр (см/жыл) жылдамдықпен жүзеге асады. Ал 6 миллиар жылдан кейін Күн қып-қызыл гигантқа айналып, Меркурий мен Венараны жойып жіберуі  мүмкін. Алайда сарапшылардың ойынша, ол уақытқа дейін біздің ғаламшарымыз  күн радиациясының салдарынан  жойылып кетпек.

«The Qazaq Times»