Әлемдік экономика алдағы екі жылда жоғары қарқынмен өсетін болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған құжаттарға сәйкес, АҚШ-та жасалған «салық жеңілдіктерінің» нәтижесінде алдағы екі жылда әлем экономикасы үш пайызға өседі.

Бірақ бұған қоса құжат авторлары әлемдік экономиканың дамуына державалар арасындағы сауда соғысы, геосаяси жағдайдың шиеленісуі, Америкадағы қаржы ставкаларының жылдам қарқынмен өсуі кедергі келтіруі мүмкін екендігін айтады. Олар өз сөздеріне дәлел ретінде Таяу Шығыстағы, Корей түбегі мен Украинадағы соғыстарды мысалға келтіреді.

“The Qazaq Times”