Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Таулы-Қарабақ мәселесін сайлау алды бағдарламасына енгізді – деп хабарлайды oxu.az ақпарат көзі.

Оxu.az  мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған жергілікті «Sabah» басылымына өзінің сайлау алды бағдарламасын жариялаған. Онда Түркия президенті «Таулы Қарабақ мәселесінде ресми Анкара мен Баку күш біріктіріп, Әзірбайжан жерін қайтарып алуы тиіс» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, 18 сәуір күні Режеп Тайып Ердоған Түркияда мерзімінен бұрын президент және парламент сайлауы өтетіндігін мәлімдеген. Анкара шешімі бойынша, кезектен тыс президент және парламент сайлауы маусым айының 24-іне  белгіленген.

“The Qazaq Times”