Пентагонның басшысы Жемс Мэттис мәлімдеме жасап, Қытайдың «Тынық мұхит шеңбері 2018» атты көп ел арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуына шақыруын кері қайтарғанын айтты. АҚШ қорғаныс министрі ондағы мақсатын Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі милитаризациясына алғашқы адымдағы қарсылық екенін жеткізді. Сонымен бірге, аталған оқу-жаттығудың негізі мен мақсаты Қытайдың мінез-құлқына сай емес деп бағалады. Бұл туралы Пентагонға сілтеме жасай отырып The New York Times басылымы хабарлады.

АҚШ қорғаныс министрі Мэттис сөзінде: «Құрама Штат Тынық мұхит өңіріндегі тұрақтылықты көздейді, Қытаймен барлық саладағы ынтымақтастықты қалайды. Алайда, аймақтық тұрақтылыққа және халықаралық тәртіпке нұқсан келтіретін әрекеттер бар деп қараса, АҚШ бұған қарсы тұрады», – деді.

Пентагон басшысы сөзінде Қытайға батыра айтып, ескертулер жасады. Ол Қытайдың тым дәстүршілдікке салынып отырғанын, тарихтың өзінде де халықаралық су жолы саналатын Оңтүстік Қытай теңізінің милитаризацияға ұшырағанын, АҚШ бұл шындыққа жауап беретінін атап өтті.

“The Qazaq Times”