Трамптың жеке адвокаты Майкл Коэн Украина президентінің  АҚШ президенті Дональд Трамппен алғашқы кездесуі үшін ақша төлегенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Рейтер.

«Бұл айтылғандар солайымен өтірік», деп жазған Коэн арнайы мәлімдемесінде. Алайда, Ақ үй агенттіктердің осы әңімеге қатысты қойған сұрағына тым кешіктіріп жауап берген. Рейтер агенттігі Украина президентінің әкімшілігі Би-Би-Си агенттігінде жарияланған мақаланы теріске шығарып, оны «өтірік пен жалаға тұнып тұр» деп айтқанын жазған еді.

Еске салайық, бұдан бұрын әлемдік беделге ие Би-Би-Си агенттігі Киевтің ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Украина президенті Петр Порошенко мен Трамп арасындағы кездесуді ұйымдастыру үшін АҚШ президентінің жеке адвокаты Майкл Коэнға жасырын түрде 400 000 доллар берілгені туралы хабар жариялаған еді. Аталған кездесу 2017 жылдың 20 маусым күні Ақ үйде өткен болатын.

  “The Qazaq Times”