Қазақстандық ұстаз Ресей губернаторларына жоғары оқу орындарында, арнайы мектептер мен бала бақшаларда қазақ топтарын ашуды талап етіп, хат жолдады.

Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ұстазы, педагогика ғылымдарының докторы Ержан Батешов Ресейдің Омбы, Астрахань, Самара облыстарының губернаторларына аймақтардағы жоғары оқу орындарында, арнайы мектептер мен бала бақшаларда қазақ топтарын ашуды талап етіп, хат жолдаған.

Ержан Батешовтың сөзінше, Ресейде тұратын этникалық қазақтардың өзінің ана тілінде білім алуына заңнамалық актлер негізінде құқығы бар. Бірақ шын мәнінде олардың қазақ тілінде білім алуы өте қиын.

2010 жылғы санақ бойынша қазіргі таңда Ресей Федерациясында 647 мың этникалық қазақ тұрады. Олар негізінен Астрахань, Орынбор, Саратов және Омбы облыстарында қоныстанған.

“The Qazaq Times”