Ауғанстанның Газне провинциясында Талибан қарулы күштерінің шабуылынан 14 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Жергілікті ресмилердің мәліметіне қарағанда, қарулы топ бірдей уақытта Чагату және Дех-як қатарлы екі ауданға шабуыл жасаған. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, Газне кеңесінің депутаты Хасан Реза Юсуфидің берген мәліметіне қарағанда, қаза болғандар арасында Дех-як ауданының палиция басшысы да бар. Ол және Талибан шабуылынан қаза болғандардың саны әлі толық тұрақтанбаған атап өтті.

Көп өтпей Талибан мәлімдемешісі Забихуллах Мүджахид мәлімдеме таратып: «Кезекті қарулы шабуыл арқылы екі ауданды бақылауға алдық. Шабуылда 43 қауіпсіздік қызметкерін жойдық», – деді.

Соңғы кезде Ауғанстандағы террорлық топтардың белсенділігі күшейіп, ел үкіметіне қарасты қарулы күштерге жиі  шабуыл жасауда. Талибан мен ДАИШ ұйымдарының Ауғанстандағы бақылауына алған аймақтарының көлемі ай сайын кеңейіп келеді.

“The Qazaq Times”