23-24 маусым күндері аралығында Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде  «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Фестивальға Түркия, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы, Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан елдерінің үздік өнерпаздары қатысады.

Фестивальға жиналған халық көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасайды. Түрлі іс-шаралар, викториналық ойындар мен сайыстардан сыйлықтар ұтып алып, қызықты шеберлік сабақтарына қатысып, көңіл көтереді. Мысалы, жігіттер күш сынасып, палуандар сайысына түссе, қыз-келіншектер ұлттық тағамдарды ескі тәсілдермен дайындаудың құпиясымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасында «Ең әдемі ұлттық киім» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

“The Qazaq Times”