Шығыс Қазақстан облысында 300 гектар аумақ күлге айналды. Тілсіз жау орманды алқапқа ауыз салған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен әлі де арпалысып әлек. Бұл туралы өңір құтқарушылары мәлімдеді.

Апатты ауыздықтауға 300 маман жұмылыпты. Әзірге өртті сөндіру мүмкін болмауда. Кеше құтқарушылар өртеніп жатқан алқапқа тікұшақпен 25 тонна су сепкен екен. Өрт сөндірушілер тәулік бойы кезекпен жұмыс істеп жатыр. Төңіректі полиция қоршауға алып, көлік қозғалысына шектеу қойған. Мамандар өрттің неден тұтанғанын анықтап үлгермеді.

“The Qazaq Times”