Еуроодақ санкция мәселесінде АҚШ-пен келіспеді.

Мамыр айының 21-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Попеоның: «Иран режиміне қарсы тарихта болмаған санкциялар салынатын болады» -деген мәлімдемесінен кейін, Еуроодақтың Сыртқы саясат және саяси қауіпсіздік мәселелері бойынша ресми өкілі Федерика Могерини АҚШ пен Иран арасындағы текетіреске байланысты мәлімдеме жасады. Онда ол: «Иранмен арадағы ядролық келісім халықаралық қауымдастыққа тиесілі. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған. Ероодақ Теһранмен бұрынғы ядролық келісім аясында жұмыс істейді» - деп мәлімдеген.

Федерика Могеринидің бұл мәлімдемесін Германия сыртқы істер министрі Хайко Маста қолдаған. Ол өз сөзінде: «Иран ядролық келісімі маңайында болып жатқан дүниелер Германия мен Еуроодақтың қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Біз ядролық келісім аясында жұмыс істеуді қолдаймыз» - деген.

Бірақ Еуроодақ пен Германияның бұл көзқарастарын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қолдамады. Оның сөзінше, АҚШ-тың Иранға қатысты жасап жатқан қадамдары дұрыс. Бұл қадамдар аймақ тыныштығы мен қауіпсіздігіне оң ықпал етеді.

Естеріңізге салайық, мамыр айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды «террористерді қолдап отыр және осы уақытқа дейін ядролық бомба жасауын тоқтатқан жоқ» - деп айыптап, «ядролық келісімінен» шығатындығын мәлімдеген.

“The Qazaq Times”