Венесуэладағы президент сайлауының алғашқы турында-ақ анық басымдықпен жеңіп шыққан Николас Мадуро қайталай президент болып сайланды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Хабарға қарағанда, кезекті сайлауда 8 млн 300 мың дауыс саналып, Венесуэла азаматтарының 46 пайыздан астамы дауыс берген.

Президент Мадуро 5 млн 800 мыңнан астам дауыс жинап, 68 пайыз басымдықпен жеңіске жеткен.

Президенттікке үміткерлер арасында Генри Фалкон  1 млн 820 мың дауыспен екінші орында.

Николас Мадуроның ендігі өкілетті мерзімі 2025 жылға дейін жалғасады.

“The Qazaq Times”