Уашигтон – Қытайдың Шынжаң өлкесінде бірнеше жүз мың адамның жергілікті үкімет жағынан «Саяси үйрену лагеріне» қамалғаны туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми мәлімдемелерінде айтылды. Кейбір мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш миллион адамға жуық екені айтылады. Бұл туралы АҚШ-тың VOA News агенттігі өз сайтында жазды.

Ал, жақында АҚШ-тың Associated Press ақпараттық агенттігі, былтыр қазақстандық БАҚ-та тараған Өмірбек Бекалы туралы хабар таратып,  Шынжаңдағы адам құқығы мәселесінің ауыр күйде қалғанын растады.

Бұдан тыс АҚШ пен Еуропа елдерінің ресми басылымдары Шынжаңдағы неше жүз мың адамның түрмеге қамалып, адамдық құқықтың ауыр дәрежеде бүлінгені туралы хабарларды жарыса таратуда. Бұған қарағанда, алдағы уақытта The Times, The New York Times, The Wall Street Journal қатарлы ықпалды басылымдарда да аталған мәселелер жоғары деңгейде көтерілуі бек мүмкін.

Айта кетейік, осыдан бұрын сайтымызда АҚШ-тың танымал The Wall Street Journal басылымы журналистерінің Шынжаң сапары естелігі жарияланған болатын.

 “The Qazaq Times”