Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Мәскеуге ресми іс-сапармен барды.

Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-сапар барысында Нұрлан Нығматулин Ресей Мемлекеттік Думасының Федералды жиын спикері Вячеслав Володинмен кездеседі.

Бұдан бөлек Нығматулин Мәжіліс пен Мемлекеттік Дума арасында өтетін Х парламент аралық отырысқа қатысады және мамыр айының 21-і күні Ресей парламентінде өтетін «Қазақстан және Ресей – ғасырлар достығы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысады.

“The Qazaq Times”