Қырғызстанда экс-президенттерді жауапкершілікке тартатын заң жобасы әзірленбек – деп хабарлайды АКИ-press ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Жоғары Кеңес депуттаттары парламентке қарасты екі бірдей профилді ведомстваға экс-президенттерді жауапкершілікке тартатын заң жобасын әзірлеуге тапсырма берген.

«Онугуу-Прогресс» фракциясының депутаты Ысқақ Мысалиевтың сөзінше, Жоғары Кеңес өзіне қарасты екі ведомстваға экс-президенттердің заң алдында жауап беру тәртібін реттейтін заң жобасын әзірлеуге ұсыныс жасаған. Бірақ аталмыш заң экс-президент Алмазбек Атамбаевқа әсер етпейді. Экс-президенттерді жасаған қылмысы үшін жауапкершілікке тарту алда сайланатын президенттерге арналған.

“The Qazaq Times”