28-ші қысқы Универсиада ойындарының шаңғы спринтінен ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Иван Люфт топ жарды. Сонымен қоржынымызға алтыншы алтын салды. Vesti.kz хабарлайды.

Айта кетейік, шаңғы спринтінен әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Анна Стоян үшінші орынға табан тіреген болатын. Оның алдында келген алтын мен күміс жүлдегерлердің екеуі де солтүстігіміздегі көршілеріміздің еншісіне бұйырды.

4 күнде 15 медалге қол жеткізген Қазақстан үшін биылғы Универсиада-2017 осы уақытқа дейінгі нәтижелерге қарағанда өте сәтті  деуге толық негіз бар. Қазіргі уақытта қоржында 6 алтын, 2 күміс,  7 қола жүлдеміз бар.

«The Qazaq Times»