Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осыған сәйкес, енді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару мәртебесіне ие болды.

Біле жүріңіздер, қауіпсіздік кеңесі - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін, аумақ тұтастығын қорғауға ықпалдасатын, ел тәуелсіздігіне кепіл болатын және ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныстың мығым болуына мұрындық болатын конституциялық орган. Аталған ұйым мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіру құқығына да ие.    

“The Qazaq Times”