Астанада жыл сайын 3 мыңнан аса жалған медициналық анықтама сатылады. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы мәлім етті.

Агенттік қызметкерлері арнайы тексеріс ұйымдастырып, Астанада жалған  медициналық құжаттарды сатып келген қылмыстық топты қолға түсірген. Тінту кезінде күдіктілердің пәтерінен 086 үлгісіндегі 200 анықтама бланкілері, 190 санитарлық кітапша және дәрігерлердің 80-нен астам мөрі табылған. Одан бөлек, медициналық анализдердің нәтижелері, флюрографиялық суреттер және медициналық диагноздар жазылған кітапшалар тәркіленіпті. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

   “The Qazaq Times”