Иеменде билікке қарсы Хүситтер Сауд-Арабияның Газан аймағына баллистикалық зымыран шабуылын ұйымдастырды. Бұл туралы euronews.com агенттігі жергілікті SPA ақпарат құралына сілтеме жасап, хабарлайды.

Аталған ақпарат агенттігінің хабарлауынша, одақ күштерінің өкілі Түрки әл-Малики Иранның қолдауына ие Хүситтердің Сада провинциясынан Газан аймағына баллистикалық зымыран шабуылын ұйымдастырғанын айтқан. Ол сондай-ақ, баллистикалық зымыранның Газандағы адамдар тұратын орындарға қарай көзделгенін, алайда зымыранның шөлді аймаққа атылғанын хабарлады. Сонымен қатар, хүситтерге тиесілі әл-Месира телеарнасының хабарлауынша, Газанда Сауд-Арабиясының мұнай фирмасы Арамсоға тиесілі нысанға да баллистикалық зымыран атылған.

“The Qazaq Times”