AFP ақпарат агенттігі палестиналықтар мен израильдік әскерилер арасындағы қақтығыс құрбандары санының 55 адамға жеткенін хабарлайды.

Палестинаның БҰҰ-ғы өкілі Рияд Мансұр қаза тапқандардың арасында 16 жастағы сегіз баланың бар екенін айтты. Палестиналықтардың жаппай қарсылық шаралары 14 мамын күні таңертең басталған еді. Оның ең басты себептерінің бірі — АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге көшіріліп, салтанатты түрде ашылуы еді.

Айта кету керек, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі де «Қауіпсіздік кеңесі палестиналық азаматтық тұлғалардың өлтірілуіне байланысты өкініш білдіріп, қарсылық танытады», -  мәлімдеме жасап, АҚШ-қа жолдаған еді. Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де осы мәселеге байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы болады.

“The Qazaq Times”