Жапония мен оңтүстік кореялық БАҚ-тың хабарына қарағанда, бүгін Қытай орталық қаласы Бейжіңге Солтүстік Кореяның тағы бір жоғары дәрежелі делегациясы сапарлай барған. Солтүстік Корея мен Қытай арасындағы жиілей түскен күрделі қарым-қатынастар сыртқы елдердің назарын аударуда. Бұл туралы VOA News хабарлады.

Бейжіңдегі танымал «Diao Yu Tai»  қонақ үйне жайғасқан солтүстік кореялық делегация сол елдің жоғары лауазымдыларымен кездесу өткізеді деп күтілуде. Солтүстік Кореяның жоғары деңгейдегі делегациясының Қытай сапары екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарының жандана түскенін аңғартады.

Осыдан бір апта бұрын ғана Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Қытайдың Далянь жеріне сапарлай барып, ҚХР төрағасы Ши Жинпиңмен бейресми кездесу өткізген еді. Ол және екі ел басшысының 6 апта ішіндегі екінші рет кездесуі болған.

Айта кетейік, АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының келіссөз кездесуі 12 маусым күні Сингапурде өтетіні белгілі болған болатын.

“The Qazaq Times”