28 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіпқой бокс  бұқаралық төбелеспен аяқталды. Бұл Монреальдағы боксқа Қазақсандық екі боксшы  да қатысқан.

Сайыстағы басты оқиға канадалық Стивен Батлер мен Брендон Кук арасындағы бокс болған. Себебі, олар – IBF және  WBA белбеулеріне  таласатын екі мықты үміткер саналады.

Онтариодан келген Кук берілген уақыттан бұрын Батлерді жеңгендіктен, халықтың наразылығын тудырған.  Жиылғандар алаңға неше түрлі заттарды лақтыра бастаған. Осы кезде әлбедіберудің мұз салынған кішкентай шелегі жеңімпаздың басына тиіп құлатқан. Содан кейін залда  бұқаралық төбелес басталып кетіпті.

Дәл осы күні біздің боксшыларымыз Батыр Жумекбаев 2,5 минуттың ішінде мексикандық Давид Ранхельді нокауқа жіберсе, Абылайхан Хусаинов да мексикалық боксшыны мерзімінен бұрын жеңді.

«The Qazaq Times»