Израильдық «Бейтар» футбол клубына АҚШ президентінің аты берілді.

АҚШ бас елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге көшірілуіне байланысты Изарильдың алты дүркін чемпионы «Бейтар» футбол клубы өз атауын «Бейтар Трамп Иерусалим» - деп өзгертті.

«Бейрат» клубының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде: «Иерусалим қаласы бұл күнді 70 жыл күтті. АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимды Израиль астанасы деп мойындау арқылы еврей халқына деген шексіз махаббатын көрсетті. «Бейрат» футбол клубы басшылығы АҚШ президентінің батыл қадамын ескере отырып, клуб атауына Трамп есімін қосуды ұйғарды» - делінген.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың 6 желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындап, Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін Иерусалим қаласына көшіретіндігін мәлімдеген. Бүгін Иерусалим қаласында АҚШ елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті. Оған АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин, Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп және оның күйеуі Джаред Кушнер қатысқан.

“The Qazaq Times”