АҚШ-та Адольф Гитлердің жеке телефоны аукционға қойылатындығы туралы «Alexander Historical Auctions» сайтында жарияланды.

Сыйлыққа берілген Siemens маркасының телефонында Гитлердің есімі оюланып жазылған. Оны 1945 жылы Кеңес солдаттары Гитлердің бункерінде тапқаннан кейін, британдық офицерге жіберіпті. Оның (офицердің) үйінде бұл аппарат  70 жылдан аса уақыт сақталып тұрған. Аукцион ұйымдастырушылар бұны «әлемдегі миллиондардың көзін жойған ең жойғыш «қару» деп атаған.

Бұл «қарудың» құны 200 мыңнан 300 мың долларға дейін  бағаланады.

Аукцион 19 ақпанға жоспарланып отыр.

«The Qazaq Times»