Әлем елдері көз тіккен Трамп-Ким келіссөзінің уақыты мен орны тұрақтанды. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне сәйкес, кездесудің 12 маусым күні Сингапурда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

АҚШ президенті Трамптың кеше Твиттерде жасаған мәлімдемесінде, 12 маусымда Сингапурде Солтүстік Корея басшысымен кездесетінін айтты. Ол Твиттер парақшасында: «Біз бүкіл әлемнің бейбітшілігі үшін ерекше сәтті жасауға тырысамыз», – деді.

АҚШ президенті аталған мәлімдемесіне қоса, Солтүстік Кореяда қамалған америкалық үш азаматтың көп ұзамай еліне оралатынын да айта кетті.

“The Qazaq Times”