Ресей Өзбекстанға мұнай тасымалдауын тоқтатты – деп хабарлайды «Орталық Азия» порталы.

Ресей мұнай-энергетика басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар айында Ресей Өзбекстанға 24,9 мың тонна, наурыз айында 11,1 мың тонна мұнай тасымалдаған. Бірақ сәуір айынан бастап мұнай тасымалы тоқтатылған.

«Трансмұнай» компаниясының вице-президенті Сергей Андроновтың сөзінше, қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай тасымалы жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Өзбекстан тарапы Ресейден мұнай тасымалдауды уақытша тоқтатқан.

“The Qazaq Times”