Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылы Рамазан айында берілетін пітір садақаның ең төменгі мөлшерін бекітті. Сондай-ақ, ораза кестесін жариялады.

Фото: muftyat.kz

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақаның мөлшері - 300 теңге көлемінде қалды. Пітір садақаны ақшалай, яки бидайдың, арпаның немесе құрманың құнымен беруге болады. Биыл ораза 16-мамырда басталып, 14-маусымда аяқталады. Маусымның 10-нан 11-не қараған түн - қасиетті Қадір түні.

“The Qazaq Times”