Отандастарымыз небәрі 3 айда 113 миллиард теңгені өзге мемлекеттерге аударып үлгерген. Қаражаттың көбі іргедегі Ресейге жіберіліпті. Бұл  туралы ranking.kz порталы мәлімдеді.

Биыл қаңтар мен наурыз айларында басқа елдерге жөнелтілген қаржы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 36,4 пайызға көп. Қазақстаннан асырылған ақшаның 50 млрд теңгесі Ресей қазынасына құйылыпты. Табысын Түркияға, одан қалды Өзбекстан мен Қырғыз еліне тасып жатқандар да бар. Аталған мемлекеттерге аударылған қаражаттың жалпы көлемі 40 млрд теңгеге жуықтайды.

Осы тұста, өзге елдерден Қазақстанға жіберілген ақша көлемі анағұрлым артпаған. Небәрі 5,9 пайыз өсім көрсетіпті.

“The Qazaq Times”