Әлем бойынша әскери шығындарын арттырған елдердің тізімі жарияланды.

Стокгольм халықаралық зерттеу институтының мәліметінше, 2017 жылы әлем бойынша әскери шығындарға 1,1 триллион доллар қаржы кеткен. Ол әлемдік жалпы ішкі өнімнің 2,2 пайызын құраған. Аталмыш қаржыны адам басына шаққанда әр адамға 230 доллардан келген.

Институт ғалымдарының сөзінше, әскери шығындарға бөлінген қаржы рейтингін АҚШ бастап тұр. Оған әлемдік шығындардың 35 пайызы тиесілі. Екінші орында әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытай елі. Оның әскери шығындары шамамен әлемдің шығынның 13 пайызын құрайды. Үшінші және төртінші орындарды Сауд Арабиясы мен Ресей. Оларға әлемдік әскери шығындарға кеткен қаржының 4 және 3,8 пайызы тиесілі.

“The Qazaq Times”